USD
USD
USD

Биыл астана күнін атап өтуге тыйым салынды

Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлануына байланысты 6 шілдеде қала күні атап өтілмейтін болды.

Биыл астана күнін атап өтуге тыйым салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғандар науқастану деңгейінің 65 пайызға немесе 1400 жағдайға өсуіне байланысты және эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын ескере отырып, қосымша қатаң іс-шаралар енгізілетін болады", — деді қаланың санитар дәрігері Сархат Бейсенова.

Оның атап өтуінше, елорда аумағында саябақтардағы ашық ауада жұмыс істейтін аттракциондардың жұмысына тыйым салынады. Қала күнін атап өтуге де шектеулер енгізіледі. Бұл ретте іс-шаралар онлайн форматта және ашық ауада Ашық жобасы арқылы ғана жүргізіледі. Алайда көрермендердің қатысуымен концерттік іс-шаралар да өткізуге болмайды.

Сондай-ақ барлық тамақтандыру қызметтері қызыл аймақ критерийлері бойынша таңғы 7:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

"Ірі спорт кешендерінде көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шараларды өткізуге, экскурсиялық турлар ұйымдастыруға тыйым салынады. Білім беру орталықтарында білім алушылардың саны 15-тен 10 адамға дейін қысқартылады және демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады", — деді Сархат Бейсенова.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров

Үкімет жаңа шарттарды бекітті: енді жәрдемақыны кімдер ала алмайды?

Көпбалалы аналар