USD
USD
USD

Биыл ашылған мектептер циклі: "Маржан" мектебі

Биыл «Бозарық» шағын ауданындағы бастауыш сыныбының бүлдіршіндеріне есік ашқан «Маржан» мектебі білім беру ісінде сапаға көңіл бөліп отыр.

Биыл ашылған мектептер циклі: "Маржан" мектебі
Фото: NEGE.kz

Шымкент,  NEGE. Мектепте Білім және ғылым министрлігі бекіткен білім стандарты негізінде ақысыз білім берілуде. Ата-аналардың сұранымы бойынша ұзартылған күн тобы мен үйірмелер, үш мезгіл тамақ және тасымал қызметі ақылы жүргізіледі.

Бүгінде 150 орынға шақталған мектепте 7 сыныпқа бөлініп, 137 бала білім алуда. Бүлдіршіндерге 17 мұғалім негізгі пәндер мен ұзартылған күн тобында білім береді.

Мектеп соңғы үлгідегі оқу базасымен жабдықталып, арнайы медициналық қызмет көрсететін кабинеті де жасақталған. Орнатылған бейнебақылау жүйелері балғындардың қауіпсіздігін көздейді.

Шығармашылық топтар мен үйірмелер жұмыс да жолға қойылған. Оқушылар сабақтан кейін қолөнер мен вокал үйірмесіне қатысуға және еркін күрес пен шахматтан өзін шыңдауға мүмкіндік бар.

Қала басшылығы тарапынан білім саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Зияткер ұрпақ тәрбиелеу міндеті қаламызды әрі қарай өркендетудің басымдығы ретінде айқындалды. «Маржан» сынды жаңа мазмұндағы білім ошақтары Шымкенттің ғылым мен білім орталығы ретінде танытуға қызмет етеді деген сенімдеміз.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком