USD
USD
USD

БИЫЛ АШЫЛҒАН МЕКТЕПТЕР ЦИКЛІ: №120 МЕКТЕП

Шымкентте қолайлы жағдай жасау үшін жыл сайын жаңа мектептер салынуда.

БИЫЛ АШЫЛҒАН МЕКТЕПТЕР ЦИКЛІ: №120 МЕКТЕП
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаныңда «Тоғыс» тұрғын алабында №120 мектебінде қосымша 300 орындық корпус пайдалануға берілді. 
Мектеп ғимараты заманауи оқу құралдарымен жабдықталған. Химия, биология, физика, STEM, «интеллектум», инклюзияны қолдау кабинеттері бар. Информатикалық білімін жетілдіретін 605 компьютер мен  11 интерактивті тақта орнатылған. Оқушылардың шынығуы үшін 2 спорт зал және денсаулығын қадағалайтын медициналық бекет қаралған.
Қазір мектепте 57 сынып бөлмесінде 2070 оқушы 81 сыныпқа бөлініп білім алады. Одан бөлек, 5 мектеп алды даярлық тобында 106 бүлдіршін екі ауысымда алғашқы сауатын ашуда. 
Оқушылардың қауіпсіздігі де басты талаптың бірі. Оқу ғимаратына кіре берісте турникет, дабыл түймесі қойылған. Орнатылған 38 бейнебақылау   камералары балалардың қауіпсіз болуын қадағалайды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек