USD
USD
USD

Биыл «Алтын доп» Бенземаға бұйыруы мүмкін

Франция құрамасы мен Мадридтің «Реалының» шабуылшысы Карим Бензема «Алтын доп» атағына үміткерлер тізімінде көш бастады.

Биыл «Алтын доп» Бенземаға бұйыруы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Goal басылымының мәліметінше, екінші орынға «Баварияның» поляк шабуылшысы Роберт Левандовски жайғасқан, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Алматы, NEGE.    Ал үздікке енгендер қатарында Мохамед Салах («Ливерпуль», Англия), Килиан Мбаппе (ПСЖ, Франция), Лука Модрич («Реал», Испания), Садио Мане («Ливерпуль», Англия), Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити», Англия), Винисиус («Реал», Испания), Фил Фоден («Манчестер Сити», Англия) мен Трент Александер-Арнольд («Ливерпуль», Англия) бар.

Бензема Чемпиондар лигасы аясында «Реал» сапында соңғы екі ойында ПСЖ мен «Челси» қақпасына үш голдан соқты. Осылайша ол ЧЛ-де қатарынан екі матчта хет-трик жасаған төртінші футболшы атанып отыр.

Бұған дейін мұндай көрсеткішке Луис Адриано, Криштиану Роналду мен Лионель Месси қол жеткізген. Француздың еншісінде осы турнирде соққан 82 голы тағы бар.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық жастарға Президенттің кітабы тарту етілді

Президент кітабы

Бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматы облысын басқаратын болды

Шыңғыс Әрінов

Көкшетау әкімдігі құны 70 млн теңге болатын 2,4 га жерді заңсыз берген

Жер учаскесі

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы әкімі қызметінен босатылды

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ