USD
USD
USD

Биыл Алматыда 360 шақырым жол жөнделеді

"Жаңа Алматы" кешенді жоспары аясында бірнеше ауданда жол жөнделеді.

Биыл Алматыда 360 шақырым жол жөнделеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында, «Шетсіз қала» қағидатымен Алатау, Түрксіб, Наурызбай аудандарында 100 шақырымнан аса жол салынады. Оған қоса, бірнеше жол айрықтары мен магистральды көшелердің құрылысы жалғасады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының жол инфрақұрымын дамыту жоспарын таныстыру кезінде айтты.

Алматыдағы жолдың ұзындығы 3 мың 100 шақырымға жуық. Одан күніне 700 мыңнан аса көлік өтеді. Оның үстіне мегополис халқы жыл санап өсіп келеді. Тұрғындар да, қала қонақтары да жолдың ерекше маңызға ие екенін жақсы біледі. Сондықтан шаһар әкімдігі бұған қатысты инфрақұрылым мәселесін бірінші орынға қойып отыр.

Бақытжан Сағынтаев, қала әкімі:

– Биыл қарқынымызды былтырғыдан көтердік. Жалпы көлемі 360 км болатын құрылыс жұмыстарын қолға алдық. Былтырғымен салсытырғанда өте жақсы көрсеткіш. Жөндеу жұмыстарына келетін болсақ, 2 көшеге реконструкция жүріп жатыр. 

Алматыда жол инфрақұрылымы бұрынғы көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, жаңа ықшам аудандарға жол салу, магистральды көшелер мен жол айрықтарының құрылысы сияқты 3 бағыттан тұрады. Ал жол сапасы жауапты мекемелердің қадағалауында. Сапа талапқа сай болмаған жағдайда айыппұл салыныпп, мердігер компаниялар лицензиясынан айырылады.

 Дегенмен қалада әлі де асфальт төселмеген 300 шақырымға жуық жол бар. Қала басшылығының айтуынша, ондағы халықтың талап тілегі ескерусіз қалмайды. Көп ұзамай ол жерге де инфрақұрылым тартылады. Айта кетейік, Алматыда құрылыс жұмыстарымен қоса 3 ірі жол айрығы салынып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ыстамбұлда жеті қабатты ғимараттың үшінші қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Ыстамұлда опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп