USD
USD
USD

Биыл Ақтөбе облысында 23 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин қоғамдық кеңес алдында берген есебінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл Ақтөбе облысында 23 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Былтыр Ақтөбе облысына 650 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды. Өткен жылғы көрсеткіштен 6 пайызға артық. «Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемдік экономикаға кері әсерін тигізбей қоймады. Біз экономиканың күрт төмендеуіне жол бермейтін және әрі қарай қалпына келтіретін шаралар қабылдадық. Жағдай тұрақтандырылды. Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар. Атап айтқанда, өнеркәсіптік кәсіпорын 1,8 трлн теңгенің өнімін өндіріп, 646,8 млрд теңге инвестиция тартылды»,- деп атап өтті облыс әкімі О.Оразалин. Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 325 млрд теңгеге жетті. Шаруаларды қолдау мақсатында субсидияның бірнеше түріне 20,4 млрд теңге бөлінді, 47,8 млрд теңге жеңілдетілген несие берілді. Ал шағын және орта бизнес 782,5 млрд теңгенің өнімін шығарды. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 3,1 млрд теңге бөлініп, 600 ШОБ субъектісі мемлекеттік қолдауға ие болды. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 4,7 млрд теңгеге 953 жоба мақұлданды. Оңдасын Оразалин пандемияның денсаулық сақтау жүйесі үшін күшті сынақ болғанын баса айтты. Инфекциямен күресуге және эпиджағдайдың тұрақтылығы үшін шамамен 5 млрд теңге, соның ішінде медициналық техникалар мен құрал-жабдықтар сатып алуға 3,4 млрд теңге, дәрілік заттарды сатып алуға, жеке қорғаныс заттары мен өкпені жасанды желдететін аппараттарды сатып алуға 1,3 млрд теңге бөлінді. Ақтөбеде жол сапасына қатысты проблема өзекті болып қала береді. Былтыр 33,2 млрд теңгеге 606 шақырым жол салынып, жөнделді. Бұл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 61% дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Биыл жол сапасын жақсарту және көлік жүйесін дамыту мақсатында «Ақтөбе – Қандыағаш» жолының құрылысы жүргізіледі. «Біз жұмыссыздықтың өсуіне жол бермей, оның деңгейін 4,8% ұстай алдық. 23 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру арқылы да оң нәтижеге қол жетті. Оның 60% тұрақты. Осы бағыттағы жұмыстар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында да жүргізіліп жатыр. 2021 жылы кемінде 23 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. «Еңбек» бағдарламасымен 50 мыңнан астам адам қамтылатын болады. Біздің басты міндетіміз - халықтың тұрмыс сапасын көтеру және әл-ауқатын жақсарту»,- деді облыс әкімі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза