USD
USD
USD

Биыл Ақмола облысына 530 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған

Көкшетау мен Астана қалаларының арасындағы заманға сай автобан, темір жолдың болуы инвесторлардың қызығушылығын арттырады. Бұл жайлы өңір әкімі Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баяндады.

Биыл Ақмола облысына 530 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Былтырмен салыстырғанда осы жылы Ақмола өңіріне жеке инвесторлар құйған қаражат сомасы 7%-ға ұлғайды. Құны 185 млрд теңгеге тең 154 жоба іске асты. 1,5 мың жергілікті тұрғын жұмысқа орналасты. Инвестицияның жартысынан көбі жаңартылатын энергия көздері саласына тартылды. 

«Аршалы ауданында орналасқан қуаты 150 МВт облыстың ең ірі жел электр станциясының «Борей Энерго» бірінші кезеңі пайдалануға берілді. Зеренді және Ерейментау аудандарында жалпы қуаты 30 МВт-тан асатын 3 жел электр станциясы іске қосылды. Қосшы қаласында 7,5 млрд теңгеге мектеп-гимназия салынды», –  деп мәлімдеді өңір басшысы.

Ірі жобалардың арасында желтоқсан айында Қосшыда ашылатын «IL Tov» құс етін өңдеу зауыты мен Ақкөл ауданында «Sirius Plus» емдеу-сауықтыру қонақ үй кешенін атап өтуге болады. Облыс әкімі халықтың игілігі үшін, жаңа инвесторлармен жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Ит

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қылмыстық топ

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен