USD
USD
USD

Биыл 95 мыңға жуық баспана пайдалануға берілді

 Осы жылдың 10 айында елімізде барлығы 94 мың 737 баспана пайдалануға беріліп, бұл көрсеткіш бойынша 15 өңірде оң динамика байқалған. 

Биыл 95 мыңға жуық баспана пайдалануға берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың 10 айында 110,7 пайызды құрады. 15 өңірде оң динамика байқалады. Мысал ретінде айтқанда Қызылорда облысында магистральдық газ құбырын, электрмен және сумен жабдықтау жүйелерін салу жұмыстары аяқталды. Батыс Қазақстан облысында «Каспий құбыр консорциумы» КҚК магистральдық газ құбырын салу бойынша негізгі жұмыстар шегіне жетті», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысы саласында биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша 10 млн 744 мың шаршы метр баспана салынған. «Республика бойынша барлығы 94 мың 737 баспана пайдалануға берілді (оның ішінде 34 535 жеке тұрғын үй). 15 өңірде бұл салада көрсеткіш артты», - деп түйді ол.

Қазір оқып жатыр

Жапонияда Азия Пара ойындары басталды: Қазақстаннан 150 спортшы қатысады

.

Жетісу облысында шағын автобус КамАЗ-ға соғылып, екі адам қаза тапты

kris_p_kaz/Instagram/ ЖИ арқылы өңделген

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп