USD
USD
USD

Биыл 641 мың гектарға жуық аумақты шегіртке басуы мүмкін

 Ауыл шаруашылығы министрлігі биылғы шегірткеге қарсы күрес шаралары туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Биыл 641 мың гектарға жуық аумақты шегіртке басуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомствоның болжамы бойынша биыл 640,85 мың гектар жерді үйірлі шегіртке басуы мүмкін. Оның ішінде италиялық прус – 384 мың гектарға, азиялық шегіртке – 142 мың гектарға және мароккалық шегіртке 114 мың гектарға таралуы мүмкін. Оларды жою үшін пестицидтер мен химиялық өңдеу қызметтері сатып алынған. Сонымен қатар, 223 мың гектарға жететін пестицид қоры дайындалыпты.

«Өңдеуге арнайы бүріккіш 183 техника (150 жерүсті бүріккіші, 12 ұшақ, аса жеңіл авиацияның 13 кемесі және 8 аэрозольді газ генераторы) тартылатын болады. Үйірлі шегіртке зиянкестерінің ошақтарын анықтау үшін 38,4 млн гектар жер зерттеледі. Осы жұмысты жүргізу үшін 524 автокөлік пен 1230 тексеруші тартылады. Маусым айында көршілес мемлекеттермен (ҚХР, РФ, РУ) шекаралас аумақтарда шегіртке зиянкестерін анықтау үшін бірлескен зерттеу жүргізу жоспарланып отыр», – дейді министрлік.

Бүгінде Түркістан және Жамбыл облыстарында марокко шегірткесіне қарсы өңдеу жұмыстары аяқталған. АлАқтөбе облысы мен БҚО-да итальяндық прусқа қарсы өңдеу жұмыстары басталыпты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді