USD
USD
USD

Биыл 552 қаржылық қылмыстық іс қозғалды

  Қаржылық мониторинг агенттігі биылғы бірінші тоқсанда 552 қылмыстық іс қозғады. Оның жартысынан көбі – ауыр және аса ауыр қылмыстар.

Биыл 552 қаржылық қылмыстық іс қозғалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша 14 іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған, деп хабарлайды «Хабар 24». Мемлекетке 62 млрд теңге көлемінде шығын келтірілген. Кеден саласында 34 қылмыстық іс қозғалды. Декларацияға енгізілмеген тауарлардың жалпы құны 10 млрд теңгеден асады. Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға бөлінген 20,5 млрд теңгені жымқыруға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ал, Маңғыстау облысында сұйытылған газды сату кезіндегі алып-сату бойынша Энергетика министрлігінің, облыс әкімдігінің лауазымды тұлғаларына және электронды сауда алаңдарына қатысты іс тергеп-тексерілуде.

Президенттің тапсырмасы аясында қаржыны Қазақстаннан тыс жерлерге шығаруға қарсы жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 7 қылмыстық іс тергеліп жатыр және 28 млн АҚШ доллары бұғатталған. Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жанат Элимановқа бизнеске қатысты жүргізіліп жатқан барлық қылмыстық істі тергеп-тексеру кезінде заңдылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Президентке Қаржылық мониторинг агенттігінің биылғы бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалды. Атап айтқанда, 552 қылмыстық іс қозғалған. Олардың жартысынан көбі – ауыр және аса ауыр қылмыстар. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша 14 іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Мемлекетке 62 млрд теңге көлемінде шығын келтірілген.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.