USD
USD
USD

Биыл 4,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 4 502 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Биыл 4,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің дерегінше, осы жылдың басынан бастап қандастардың жартысынан көбі (68,2%) Өзбекстаннан, 9,8% – Қытайдан, 10,4% – Түрікменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 9,2% басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,3%), Маңғыстау (20,1%), Түркістан (10,8%) және Жамбыл (6,0%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,8%), Нұр-Сұлтан (6,8%) және Шымкент (7,6%) қалаларына қоныстанды.

Осы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 63,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 23%-ды және зейнеткерлер 13,9%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 10,9%-ы жоғары білімді, 40,7%-ы орта кәсіби білімді, 46,6%-ы жалпы орта білімді және 1,7%-ының білімі жоқ.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич