USD
USD
USD

Биыл 2 шағын ауданда жылу желілеріне жөндеу жұмыстары басталады

Бұл туралы бүгін, 30 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.Бұл туралы бүгін, 30 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

Биыл 2 шағын ауданда жылу желілеріне жөндеу жұмыстары басталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтау қаласы құрылғалы бері ауыз су, кәріз және жылу желілеріне жаңарту жұмыстары жүргізілмеген. Аталған желілердің 75%-ға тозығы жеткендіктен, жылына орташа есеппен 1500 апаттық жағдай орын алады, деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Аймақ басшысының айтуынша кезек күттірмейтін мәселені шешу мақсатында 2025 жылға дейін 24 шағынауданында  918 шақырым инженерлік желілерге жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Қаладағы инженерлік желілердің жалпы ұзындығы – 1232 шақырым. Оның ішінде су желілері - 437,8 шақырым, кәріз - 329,6 шақырым, жылу-464,4 шақырымды құрайды.

Биыл 2 шағын ауданның, яғни, 3а-3б шағынаудандарының жылу желілеріне жөндеу жұмыстары басталады. Сонымен қатар бүгінгі күні 1-6 шағынаудандардағы су және кәріз желілерін жаңғырту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталуда.

Инженерлік желілер жаңартылғаннан кейін,  қалада ауыз су мен жылу беру мәселелері оңтайланатынын айтады облыс басшысы.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

.

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

.

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

.

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.