USD
USD
USD

Биыл 21 мыңнан астам тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылады

Шымкент қаласындағы 81 тұрғын алаптың 65-і сапалы электр қуатымен қамтылған.

Биыл 21 мыңнан астам тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл 10 тұрғын алабында электр желілерінің құрылысы пайдалануға беріліп, 21 мыңнан астам адам сапалы электрмен қамтамасыз етіледі. Қамту көрсеткішін 97 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға республикалық және жергілікті бюджеттен 12 млрд. теңге қаржы қаралған.

Осы жылы яғни, қаладағы Ақжар, Жалын, Достық, Жаңаталап, Қайнар бұлақ, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабтарында электр желісінің құрылысы жүргізіледі. Сонымен бірге қуаттылығы 220 кВ «Бозарық» қосалқы станциясы мен әрқайсысының қуаты 110 кВ болатын «Ақжар» және «1-М-1» қосалқы станциялары салынуда.

Қаланы үздіксіз электр энергиясымен қамту мақсатында 2022-2025 жылдары 4 қосалқы станциясын салу жоспарланған. Оның ішінде 110 кВ «Ынтымақ», әрқайсысы 220 кВ «Қызылсу», «Южный» және «ВЛ» қосалқы санциясын салу мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қарастырылып отыр. Осылайша, 2025 жылы қала тұрғындарын 100 пайыз сапалы электр қуатымен қамту көзделуде.

Қазір оқып жатыр

Алматы тауларында ақырған аю даусынан қорыққан туристер құтқарушыларды шақырды

Аю

Тимур Турлов FIDE-нің Ресейге қатысты басты ұстанымын айтты

Тимур Турлов

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті