USD
USD
USD

Биыл 1 млн адам ғана қажылық парызын өтей алады

  Сауд Арабиясы биыл Меккеде қажылық парызын өтегісі келген 1 миллион адамды ғана қабылдамақ, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.

Биыл 1 млн адам ғана қажылық парызын өтей алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сауд Арабиясының Қажылық және умра министрлігі 2022 жылы қажылық парызын өтеу үшін келетін адам санына шектеу лимитін енгізді. Яғни, парызын өтеуге Меккеге тек 1 млн адам ғана жіберіледі. Бұл — жергілікті және шетелдік қажыларды қамтитын сан. Сондай-ақ, қажылыққа келетін адамдарға қойылатын талап та күшейді: олар 65 жастан аспаған және Ковид-19 инфекциясына қарсы вакцина алған болуы тиіс.

Одан бөлек, қажылыққа келгендердің алынғанына 72 сағат өтпеген ПТР тестісі болу керек. 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты бар-жоғы 60 мың адам ғана қажылық парызын өтеді және олардың бәрі Сауд Арабиясының тұрғыны еді. Шет мемлекеттердің азаматтарына елге қажылыққа келуге рұқсат болмады. 

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов