USD
USD
USD

Биыл 17 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріледі

Биыл 17 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері қаралған Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

Биыл 17 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріледі
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Тұрғын үй саясатын тиімді іске асыру Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2030 жылы үймен қамтамасыз етуді 1 адамға 30 шаршы метрге дейін жеткізу туралы тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырған кезде алдағы бес жылда 100 млн шаршы метрден астам үй салуды тапсырды. Осылайша біз 1 млн жуық отбасын үймен қамтамасыз ете аламыз», - деді Асқар Мамин.

Оның атап өтуінше, осындай ауқымды міндеттерді жүзеге асыру үшін тұрғын үй саясатына реформа жүргізіліп жатыр. Онда тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, жеке құрылыс салушылардың инвестицияларын жалдамалы тұрғын үй салуға тарту үшін жаңа шаралар кешені көзделген. «Бұл жұмыста «Отбасы банк» негізгі құрал болмақ. Ол баспанаға мұқтаж адамдардың кезегін бір орталықтан қалыптастырып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында оларға жеңілдікті тұрғын үйлерді сатады. Барлығы осы жылы 17 млн шаршы метр үйді пайдалануға беру жоспарланған, бұл өткен жылға қарағанда 2 млн шаршы метрге көп», - деді Асқар Мамин.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті