USD
USD
USD

Биыл 150-ге жуық елді мекенге интернет қосылады

  Мұндай ғаламтор желісіне елорда, Алматы мен Шымкент қосылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл 150-ге жуық елді мекенге интернет қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Мемлекет басшысына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі баяндады. Бағдат Мусин «сандық теңсіздікті» жою туралы есеп берді. Атап айтқанда, биыл еліміздің 150-ге жуық елді мекені сапалы интернетке қол жеткізеді. IT-саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Соның ішінде, Astana Hub технопаркінің қызметі, Қазақстандағы шетелдік IT-компаниялардың жұмысы туралы сөз болды. Президент оларға қолдау көрсетуді тапсырды.

Бағдат Мусин Президентке Қазақстанды цифрландыру аясында энергетика, жер қойнауын пайдалану, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жерді қашықтан зонттау спутниктерін пайдалана отырып, су және жер ресурстарын мониторингтеу саласындағы бірқатар стратегиялық жоба туралы баяндады. Кездесу барысында министр «ҰАТ» акционерлік қоғамының ресурстары негізінде осындай жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар отандық IT компаниялардың сарапшыларын тарта отырып, цифрландыру платформасын құруды ұсынды. 

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер