USD
USD
USD

Биыл 145 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді

Биыл ұлттық қауіпсіздік органдары 12 жасырын есірткі зертханасының әрекетін тоқтатты. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Биыл 145 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлемдегі есірткі бизнесі үшін есірткіні өндіру орнынан жан-жаққа тасымалдау маңызды болып отыр. Географиялық орналасуы, транзиттік мүмкіндіктер, сондай-ақ шекаралық шектесу жерінің ұзақтығы Қазақстан аумағын трансұлттық есірткі құрылымдары үшін тартымды етіп тұр.

Осы орайда олар ауғандық есірткіні ел аумағы арқылы контрабандалық өткізу тұрғысында қарастырады. Орталық Азия, оның ішінде Қазақстан арқылы ауған есірткі трафигінің «солтүстік бағдары» өтіп жатыр. 90-шы жылдардың басында құрылған бұл бағдар Ресейге өтіп, ары қарай Еуропоға қарай жалғасады. Сонымен қатар, Қазақстанда есірткі жағдайына әсер ететін тағы бір фактор еліміздің оңтүстігінде каннабис тобындағы есірткіні өндіруге де қатысты болып тұр. 

Қазіргі уақытта қазақстандық жастар арасында синтетикалық есірткі түрлерінің таралуы қоғам үшін қауіп төндіріп, елеулі проблемаға айналуда. Ірі қалаларда синтетикалық есірткіні өткізу жағдайы артып келеді.

«Биыл ұлттық қауіпсіздік органдары Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында 12 жасырын есірткі зертханасының әрекетін тоқтатты. Жалпы, заңсыз айналымнан 145 келіден астам синтетикалық сипаттағы есірткі мен 2,5 тонна химиялық прекурсор тәркіленді», - делінген таратылған мәліметте.

Өндірілген есірткі ірі партияларда көлеңкелі сегментінде әрекет ететін есірткі дүкендерінің өкілдеріне өткізіліп отырған. Сонымен бірге, есірткі үшін ақы электронды төлем жүйесі арқылы қабылданған. 

Қазір оқып жатыр

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Burj Al Arab

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр

Жол ережесін бұзу

Жамбыл облысында екі оқушының мәйіті табылды

Полиция

Бастамашыл топ «Әділет» атты жаңа саяси партия құрылатынын мәлімдеді

Әділет