24 Мамыр 17:03

Биыл «Жайлы мектеп» жобасы бойынша Талғар ауданында қанша мектеп салынады?

Жайлы мектеп жобасы
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Талғар ауданы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында2024 жылы 5 700 орындық 7 мектеп пайдалануға беру жоспарланған. 

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Талдыбұлақ ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысын жүргізуші «Dial» строй ЖШС-і. Мектепті пайдалануға беру мерзімі 01.08.2024 жыл. Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің бұйрығымен Достайқызы Құралай жауапты тұлға болып тағайындалды. Аудандық маслихат депутаты, блогер, қоғам белсенділерінен құрылыс жұмысын бақылауға жұмысшы топ құрылған.

2024 жылдың 3 мамыры күні білім бөлімінің маманы, аудандық маслихат, жауапты тұлға ретінде тағайындалған директордың қатысуымен құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнде аталған мектеп құрылысының 1-2 қабаттарының керегесін нығайту жұмыстары жүргізілуде. Жұмысшылар саны-85 адамды құрайды.

Талдыбұлақ ауылындағы 600 орындық мектеп

2. Жаңалық ауылындағы 900 орындық мектептің құрылысын жүргізуші бас мердігер ЖШС «АК Construction». Мектепті пайдалануға беру мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы. Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің бұйрығымен Аманжолов Данияр жауапты тұлға болып тағайындалды. Аудандық маслихат депутаты, блогер, қоғам белсенділерінен құрылыс жұмысын бақылауға жұмысшы топ құрылған.

2024 жылдың 3 мамыры күні білім бөлімінің маманы, аудандық маслихат, жауапты тұлға ретінде тағайындалған директордың қатысуымен құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнде аталған мектеп құрылысының 1-2 қабаттарының керегесін нығайту жұмыстары жүргізілуде. Жұмысшылар саны-94 адамды құрайды.

Жайлы мектеп жобасы
Алматы облысы әкімдігі

Жаңалық ауылындағы 900 орындық мектеп

3. Жалғамыс ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысын жүргізуші бас мердігер «Dial» строй ЖШС-і. Мектепті пайдалануға беру мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы. Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің бұйрығымен Коншибаев Нурбол жауапты тұлға болып тағайындалды. Аудандық маслихат депутаты, блогер, қоғам белсенділерінен құрылыс жұмысын бақылауға жұмысшы топ құрылған.

2024 жылдың 3 мамыры күні білім бөлімінің маманы, аудандық маслихат, жауапты тұлға ретінде тағайындалған директордың қатысуымен құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнде аталған мектеп құрылысының жертөлесіне бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Жұмысшылар саны-72 адамды құрайды.

Жалғамыс ауылындағы 600 орындық мектеп

4. Төңкеріс ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысын жүргізуші бас мердігер «Jana Kazakztan Gurlys»» ЖШС-і. Мектепті пайдалануға беру мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы. Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің бұйрығымен Махметова Айгул жауапты тұлға болып тағайындалды. Аудандық маслихат депутаты, блогер, қоғам белсенділерінен құрылыс жұмысын бақылауға жұмысшы топ құрылған.

2024 жылдың 3 мамыры күні білім бөлімінің маманы, аудандық маслихат, жауапты тұлға ретінде тағайындалған директордың қатысуымен құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнде аталған мектеп құрылысының бетон құю жұмыстары аяқталып, 1 қабаттың қабырғаларын көтеру басталды. Жұмысшылар саны-75 адамды құрайды.

Төңкеріс ауылындағы 600 орындық мектеп

5. Айғаным ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысын жүргізуші бас мердігер «SHEBERBUILD» ЖШС-і. Мектепті пайдалануға беру мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы. Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің бұйрығымен Жансаров Сакен жауапты тұлға болып тағайындалды. Аудандық маслихат депутаты, блогер, қоғам белсенділерінен құрылыс жұмысын бақылауға жұмысшы топ құрылған.

2024 жылдың 3 мамыры күні білім бөлімінің маманы, аудандық маслихат депутаттарының қатысуымен құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жұмыстарын жүргізуге құрылыс объектісінің жауапты мамандары тарапынан қарсылық білдірілді. Құрылыс жұмыстарының жүргізілуін бақылау мүмкіндігі болмады.

Айғаным ауылындағы 600 орындық мектеп

6. Қызылту ауылындағы 900 орындық мектептің құрылысын жүргізуші бас мердігер «Эксклюзив Құрылыс» ЖШС-і. Мектепті пайдалануға беру мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы. Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің бұйрығымен Қоңыратов Айдар жауапты тұлға болып тағайындалды. Аудандық маслихат депутаты, блогер, қоғам белсенділерінен құрылыс жұмысын бақылауға жұмысшы топ құрылған.

Жайлы мектеп жобасы
Алматы облысы әкімдігі

2024 жылдың 3 мамыры күні білім бөлімінің маманы, аудандық маслихат депутаттарының қатысуымен құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жұмыстарын жүргізуге құрылыс объектісінің жауапты мамандары тарапынан қарсылық білдірілді. Құрылыс жұмыстарының жүргізілуін бақылау мүмкіндігі болмады.

7. Тұздыбастау ауылындағы 1500 орындық мектептің құрылысын жүргізуші бас мердігер «Эксклюззив Құрылыс» ЖШС-і. Мектепті пайдалануға беру мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы. Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің бұйрығымен Абдыкалыкова Жанаргул жауапты тұлға болып тағайындалды. Аудандық маслихат депутаты, блогер, қоғам белсенділерінен құрылыс жұмысын бақылауға жұмысшы топ құрылған.

2024 жылдың 3 мамыры күні білім бөлімінің маманы, аудандық маслихат депутаттарының қатысуымен құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жұмыстарын жүргізуге құрылыс объектісінің жауапты мамандары тарапынан қарсылық білдірілді. Құрылыс жұмыстарының жүргізілуін бақылау мүмкіндігі болмады.