USD
USD
USD

Биыл Ұлттық қордан балалар шотына қанша ақша түседі?

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифингте биыл Ұлттық қордан балалар шотына қанша доллар аударылатыны туралы сұраққа жауап берді.

freepik.com
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Сүлейменовтің айтуынша, нақты сома 1 ақпанда ресми жарияланған кезде белгілі болады, өйткені төлемдер балалар санына байланысты есептеледі: жаңа туған сәбилер, шетелге қоныс аударатын балалар, сондай-ақ азаматтығынан айырылатын балалар да ескеріледі.

«Алдын ала деректерге сәйкес, төлем мөлшері шамамен өткен жылғы деңгейде болады – әр балаға 130 доллар көлемінде», – деді Ұлттық банк төрағасы.

Сондай-ақ ол 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың табысы туралы мәлімет беріп өтті.

«Қорды басқарудан түскен табыс 8,7 млрд доллар болды, бұл доллармен есептегенде жылдық 15 пайызға тең. Екеуі де рекордтық көрсеткіш, қорды басқару тарихында бұрын-соңды мұндай нәтиже болмаған», – деп атап өтті Сүлейменов.

Айта кетейік, таяуда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша ақпарат жариялап, балаларға арналған қаржы шотқа осы жылдың 1 ақпанынан кешіктірілмей аударылатынын хабарлаған еді.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев