USD
USD
USD

Биыл Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 17 миллиард теңге төленеді

Былтыр ардагерлердің аталған санаттарына 16,7 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді.

мемлекеттік жәрдемақы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2024 жылы Қазақстанда ардагерлерге, оның ішінде Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, соғыс ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы аясында 16 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді, – деп хабарлайды Еңбек министрлігі. 

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 85 203 ардагер тұрады. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының 120 ардагері, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 983 ардагер, 26 506 басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, 41 594 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккері бар. 2024 жылы ардагерлердің аталған санаттарына 16,7 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық