7 Мамыр 13:30

Биыл Отан қорғаушы күнін ерекше жағдайда атап өтіп отырмыз — министр

Қорғаныс
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстанның Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Отан қорғаушы күніне орай құттықтады. 

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, әсіресе табиғи апаттардың зардабын жоюда әскерилер белсенді қызмет атқарған.

«Биыл біз Отан қорғаушылар күнін ерекше жағдайда атап өтеміз. Біздің әскери қызметшілер тасқын суға қарсы күресте қажетті шараларды қамтамасыз ете отырып, өз міндеттерін абыроймен орындап шықты. Осы қарбалас кезеңде жауынгерлеріміздің жоғары кәсіпқойлығы, борышқа адалдығы, достық пен өзара көмек сияқты қасиеттері айқын көрінді. Қарапайым адамдар үшін бұл оңай сынақ болған жоқ. Ал әскери адамдар үшін бұл кезекті жаттығу болды. Мен қорғаныс ведомствосының басшысы ретінде осы қиын-қыстау кезеңдегі армия мен халықтың біртұтастығын мақтанышпен айта аламын. Ел Президенті — Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қарулы күштер бір мақсатқа — азаматтарымызды, Конституциялық құрылысымызды және егемендігімізді кез келген сипаттағы және ауқымдағы қатерлерден барынша тиімді қорғау үшін үйлесімді жұмыс істеуі тиіс»,– деді. Алдағы уақытта да біздің төзімділігіміз сыналатын сәттер аз емес. Біз оның бәріне абыроймен төтеп беретінімізге және кез келген қауіп-қатерге қарсы тұруға әрқашан дайын болатынымызға сенімдімін. Жеке өз атымнан және Қорғаныс министрлігінің жеке құрамы атынан Отан қорғаушылар күніне орай шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыздар! Әскери қызметшілерге, азаматтық персоналға, Қарулы күштердің ардагерлеріне және ел азаматтарына зор денсаулық, амандық, көтеріңкі көңіл-күй және туған Отанымыз — Қазақстан Республикасының өркендеуі жолындағы міндеттерді іске асыруда жетістік тілеймін!»,– деді Руслан Жақсылықов.