USD
USD
USD

Биыл оқу жылын бітіруші түлектер аттестаттарын Egov Mobile мобильді қосымшасынан алады

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразова хабарлады.

Egov Mobile
Фото: Egov Mobile

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, биылдан бастап негізгі және орта білім беру бойынша аттестаттарды цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылдан бастап техникалық және кәсіптік білім туралы дипломдар цифрлық форматта Egov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болды.

«Сондай-ақ Egov Mobile мобильді қосымшасында «Білім туралы ақпарат» жаңа цифрлық құжаты іске қосылды. Бұл баланың балабақшада, мектепте немесе колледжде оқитынын растайтын құжат. Мұнда баланың білім беру ұйымының деректері көрсетіледі. Осы орайда 2023 жылдың 27 желтоқсанынан бастап оқу орнынан қағаз түріндегі анықтамаларды талап ету тоқтатылды. Бұл білім беру ұйымдарында цифрлық бақылау, жемқорлық пен балабақшалардағы бала санын жалған көрсету фактілерінің алдын алады», - деді спикер.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі