USD
USD
USD

Биыл оқу грантының 60%-ы инженерлік, техникалық мамандықтарға бөлінді

Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған 2025 жылда экономикадағы сұранысқа ие салаларда мамандар даярлауға қолдау көрсетуге басымдық беріліп отыр.

өқжат
Фото: видеодан кадр

Алматы, NEGE. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндады.

«2023 жылы 186 мың мектеп бітіруші болса, былтыр 188 мың, биыл 216 мың бала мектеп бітіріп, жоғары білімге қадам басты. Сүйінші жаңалық - биылғы "Жұмысшы мамандықтары жылында" бөлінген гранттардың 60%-дан астамы инженерлік, техникалық мамандықтарға берілген. Жалпы бакалавр деңгейінде 78 мыңға жуық грант, магистратура мен докторантураға 93 мыңнан астам грант бөлінді. Жоғары сұранысқа ие 3 бағыт: педагогика 13 мың грант, ақпараттық технологиялар және жасанды интелект 11 мың, инженерлік бағытқа 18 мыңнан астам грант бөлінді. Осы жылдан бастап біз сирек мамандықтарға ветеринария, энергетика, су шаруашылығы, ирригация, гидротехнологиялар саласында өңірлік квоталарды енгіздік»,

деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, енді өңірлік университеттер сол өңірдің экономикасына керекті, тапшы мамандықтарға гранттар бөледі. Өздеріңізге мәлім, былтыр су шаруашылығы мамандықтары бойынша Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылды. Биылдан бастап оларды қолдау мақсатында арнайы квоталарды бөлуді бастадық.

«Осы жылдың тағы бір ерекшелігі – Қорғаныс министрлігімен бірге жасаған жұмысымыздың аясында биыл тұңғыш рет әскери борышын өтеп келген азаматтар 2 мыңға жуық грантқа ие болды. Сондықтан әскери борышын өтеуге ынталандыру бағытында арнайы осындай квота енгізілді. Ата-анасыз жетім қалған балаларға, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға да арнайы квота бөліп, қолдайтын болдық. Тағы да бір сүйінші жаңалық – биыл "Серпін" бағдарламасының аясында тарихи рекордтық көрсеткіш орын алды – 83% грант игерілді. 3-4 жыл бұрын бұл көрсеткіш 40-50% ғана болатын, былтыр 67%-ды құрады. Бағдарлама шеңберінде талапкерлер 9 өңірге барады»,

деді министр. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар