USD
USD
USD

Биыл Қазақстанға Владимир Путин келуі мүмкін

Ресей Президентінің Қазақстанға сапары нақты қай күнге жоспарланғаны әзірге белгісіз.

Путин мен Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Владимир Путиннің бұл сапары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы қараша айында Ресейге барған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтың жалғасы болмақ.

Бұл жөнінде Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Елшінің айтуынша, Қазақстан Президентінің Ресейге сапары «айрықша жылы әрі достық пейілде» өткен және екі ел басшысы бейресми сипатта кездесу өткізген.

«Үш сағат бойы біздің президенттің Кремльдегі пәтерінде жеке-дара, жабық жағдайда әңгімелесті. Сапардың жалпы атмосферасы айрықша жылы әрі достық пейілде өтті.

Биыл президентіміздің жауап сапары күтілуде. Күні әлі нақтыланған жоқ, бірақ болады. Басшыларға есеп беретін нәрсеміз бар деп ойлаймын», – деді Алексей Бородавкин.

Айта кетейік, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанға соңғы рет 2024 жылғы шілдеде келген еді. Ол кезде Путин Астанаға Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін келді.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы