USD
USD
USD

Биыл елімізде бес су қоймасының құрылысы басталады

Елді мекендерді су тасқынынан қорғау және тасқын суды жинау мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі 20 су қоймасын салады. Жаңа су қоймалары 11 облыста салынады.

Су қоймасы
Фото: world-nan.kz

Алматы, NEGE. «Бес су қоймасының құрылысын биыл бастау жоспарланып отыр. Жаңа су қоймалары суармалы жерлердің ауданын 250 мың гектарға ұлғайтуға және 137 мың тұрғыны бар 70 елді мекенді су басу қаупін азайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, еліміздегі жұмыс істеп тұрған 15 су қоймасына реконструкция жасалады. Бұл 70 мың адам тұратын 64 елді мекенді су басу қаупін азайтуға, сондай-ақ 74 мың га суармалы жерге су беруді жақсартуға мүмкіндік береді», - деді ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Қазіргі уақытта СҚО-да су тасқыны жалғасып жатыр, БҚО-да Иреклі су қоймасынан жіберілген су Қазақстан шекарасына әзірге жеткен жоқ. Бұл су 15-20 сәуірде келеді деп болжанған.

Шығыс Қазақстан облысында үш ірі су қоймасының орташа су жинау көлемі 84,8%. Өңірде су тасқыны басталды, сондықтан Ертіс су қоймаларының каскады бойынша су жіберіліп жатыр.

Қазгидрометтің мәліметінше, Жабай өзенінің реттелмейтін ағыны артып келеді. Сондықтан Ақмола облысының Атбасар ауданында су тасқыны қаупі бар.

«Министрлік, өңір әкімдігі және ТЖД қауіптің алдын алу үшін белсенді жұмыс істеп жатыр», - деді Мөлдір Әбдуалиева.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасы 97%-ға толды. Өңірдегі жағдай тұрақты.

Министрлік мамандары тасқын суын апатсыз өткізу және оны жинау жұмыстарын қадағалауда.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.