USD
USD
USD

Биыл Алматыдан Қытайға қатынайтын жаңа әуе рейстері ашылуы мүмкін

Алматы әкімдігі мен Қытайдың ұлттық әуе тасымалдаушысы Air China арасында рейстерді ашуға жәрдемдесу туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан-Қытай
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Құжатқа Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайға жұмыс сапары барысында және China National Aviation Holding Company президенті Ма Чонсянь мырзамен кездесу кезінде қол қойды.

«Алматы – Бейжің» және «Алматы – Чэнду» жаңа әуе рейстері ашылуы мүмкін.

Биыл Қытайдан келген туристердің саны артқан, бұл Алматының мәдени және іскерлік орталық ретінде дамуы үшін маңызды.

Әуе рейсі
Фото: Алматы әкімдігі

Жаңа бағыттарды іске қосу маусым айына жоспарланған. 

Биыл қалаға 2,3 миллион турист, оның ішінде 700 мың шетелдік қонақ келеді деп болжанды. Өткен жылы Алматыға Қытайдан 95,3 мыңнан астам турист келген, бұл 54%-ға өскенін көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу