USD
USD
USD

Биыл алғашқы қазақстандық Samsung теледидарлары сатылымға шығады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының президенті Юджин Джонгпен кездесу өткізді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Ү
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Кездесуде тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Роман Скляр жергілікті өндірушілерді жаһандық жеткізу тізбегіне енгізу, оқшаулауды тереңдету, өндірістің өсімін қамтамасыз ету және шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейту жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу аясында Samsung Electronics Central Eurasia мен Silkroad Electronics зауыты арасында келісімге қол қойылды, оның шеңберінде Samsung компаниясының алғашқы қазақстандық теледидарлары 2025 жылдың екінші тоқсанында сатылымға шығады.

Бұл жоба отандық машина жасау саласы үшін қосымша мүмкіндіктер ашып, жоғары білікті жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ кездесу барысында тұрмыстық техника өндірісі және тығыз кооперациялық байланыстарды одан әрі дамыту саласындағы басқа да бірқатар мәселе талқыланды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар