USD
USD
USD

Биыл 570 шақырымнан астам теміржол күрделі жөндеуден өтеді

2029 жылға дейін ҚТЖ 11 мың шақырым теміржол учаскелерін жөндеуді жоспарлап отыр.

теміржол күрделі жөндеу
Фото: ғаламтордан

 Алматы, NEGE.  ҚТЖ теміржол магистралін жоспарлы күрделі жөндеуге кірісті. Жолды жаңғырту оңтүстік өңірде Арыс-1 – Талдықұдық – Шағыр аралығында басталды. Наурыз айының соңына дейін Аққұм – Талап (Қызылорда облысы) және 15 Рзд.– Ақ-Қыстау – Бақсай рзд. (Атырау облысы) аралықтарында жұмыстар басталады.

"2024 жылы барлығы 570 шақырымнан астам теміржол күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, жолды орташа жөндеуді күшейту, рельсті тіректер мен рельсті жолдарды үздіксіз ауыстыру қарастырылған. Жалпы жөндеудің барлық түрлерімен 1400 км теміржол төсемі қамтылатын болады", – делінген "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясының хабарламасында.

Жұмыстардың үлкен көлемі Ақтоғай – Семей – Алтай (153 км), Шу – Қандыағаш (266 км), Қандыағаш – Ақсарай (138 км), Астана – Алматы (260 км), Алматы – Павлодар (106 км), Жаңа – Есіл – Көкшетау (161 км) учаскелерінде жоспарланған.
2029 жылға дейін ҚТЖ 11 мың шақырым теміржол учаскелерін жөндеуді жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев