USD
USD
USD

Биыл 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Мемлекет басшысының қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамту жөнінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында биыл тұрғын үй құрылысы саласында рекордты 19,2 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Пәтер
Фото: NEGE

Астана, NEGE. Үкіметте өткен баспасөз конференциясы барысында бірінші вице-премьер Роман Скляр алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша 7,9 млн шаршы метр пайдалануға берілгенін хабарлады. Одан бөлек энергетика саласында биылғы бірінші жартыжылдықта 62,2 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілді, бұл өткен жылдың деңгейінен 3,3%-ға жоғары.

2028 жылға қарай жалпы қуаттылығы шамамен 6700 МВт болатын жаңа генерация іске қосылады, оның ішінде биыл дәстүрлі және баламалы қуат көздері бойынша 620 МВт енгізіледі. Ал Инвестициялық штаб жұмысы аясында жыл басынан бері жалпы құны шамамен 60 млрд долларды құрайтын 71 инвестициялық жоба қаралды.

Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа арқылы жүзеге асырылуда. Аталған платформада жалпы сомасы 77 трлн теңгеден асатын 1 106 жоба тіркелген.

«Жалпы алғанда, Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары қатаң бақылауда тұр»,

— деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net