20 Қазан 00:35
...

Бидай мен арпаның бағасы күн сайын қымбаттап жатыр

Бидаә
Фото: Ғаламтордан

2024 жылғы егіннен астықтың сатылымға шығуына байланысты бағаның төмендеуі кезеңі күрт өзгеріске түсіп, әлемдік нарықта баға керісінше өсіп келеді

Алматы. NEGE. Ағымдағы жылдың шілде айында егін жинау жұмыстары басталғаннан бері Қара теңіздегі ресейлік бидайдың экспорттық бағасы Халықаралық астық кеңесінің мәліметі бойынша 216 АҚШ долларына бағаланды. Бұл логистика құнын ($90/т) алып тастағанда қазақстандық бидайдың тоннасының бағасы 61 мың теңге болды деген сөз. Алайда Қара теңіздегі бидайдың бағасы тоннасына 250 долларға дейін немесе теңгемен есептегенде 78 мың теңгеге дейін өсті.

Экспорттық бағадан кейін Ресей нарығындағы бағалар қымбаттады. Қазіргі уақытта Омбы облысында 23% клейковинасы бар 3-сыныпты бидайдың бағасы 14,5 мың рубль/т құрайды. Көлік шығындарын (2 мың рубль/тонна), кіріс ҚҚС төлеуді ескере отырып, Көкшетаудағы ресейлік бидайдың бағасы 84 мың теңге/тоннаны құрайды.

Қазіргі қазақстандық баға 74-81 мың теңге/тонна кезінде, отандық өндірушілер қолайлы бәсекелестік жағдайға ие.

Орталық Азия елдерінің сатып алушыларының ұсынысы қазір ресейлік баға деңгейіне негізделген 65-70 мың теңге/тонна деңгейінде. Бұл ретте, 23% клейковинасы бар бидай үшін 75 мың теңге/тоннаға дейін өсуге мүмкіндік бар, өйткені бұл нарықтар үшін мұндай бағадағы бидайдың балама жеткізілімі жоқ.

Осыған ұқсас жағдай арпа бойынша да қалыптасуда: Қара теңіздегі экспорттық арпаның ағымдағы бағасы 206 АҚШ долларына дейін көтерілді және одан әрі өсу тенденциясы сақталуда. Бұл ретте қазақстандық арпа қазір Ақтау портында 165-168 доллар/т. Сондай-ақ кем дегенде 175-185 АҚШ доллары/т деңгейіне дейін өсуге мүмкіндік бар. Бұл жағдайда арпа бағасы тоннасына 47-50 мың теңге/тоннадан кем дегенде 55-60 мың теңгеге дейін көтеріледі.

Тегтер: