USD
USD
USD

Бибісара Асаубаева шахмат олимпиадасындағы кемшіліктерді атап берді

Гроссмейстер, блиц бойынша әлем чемпионы Бибісара Асаубаева өзінің әлеуметтік желі парақшасында Ченнаидағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының барысы туралы пікір білдірді.

Бибісара Асаубаева шахмат олимпиадасындағы кемшіліктерді атап берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол өзінің бірінші олимпиадасы екенін атап өтіп, командадағы ойын туралы қысқаша айтып берді.

"Жалғыз ойында тәуекелге бару - әркімнің құқығы, бірақ командалық ойында жеңілмеу маңызды, ол менің қолымнан келді. Мен 11 турдың барлығында ойнадым және мүлт кеткен жоқпын. Мойындау керек, кейде өте қиын болды. 3 ойында дене қызуым 39 градус болды (Тек Павел Михайлович қана менің осы аралықта қанша дәрі ішкенімді біледі. Оның қамқорлығына рахмет!)", - деп жазды Бибісара. 

Шахматшы қыз жинаған тәжірибесінің арқасында командада ойнай алатындығын дәлелдеген. Алайда, әлем чемпионаты кезінде көңіл көншітпейтін жайттар болған. 

"Біріншіден. Қазақстанның толық құрамда өнер көрсетпегені дұрыс болмады. Динараның жоқтығы команданы әлсіретті. Оны маңызды шахмат ойындарының қарсаңында жолдастарын тастап кетпеуге көндіруге, тіпті мәжбүрлеуге болатын еді. Өкініштісі, Федерация оның бас тартуына оп-оңай келісе салды", - деп атап өтті ол. 

Бибісара Асаубаева Қазақстан құрамасын айтарлықтай әлсіретіп жіберген себепті де атап өтті. 

"Команда бапкерсіз болмайды. Мен білмеген жеріңді үйрететін, жігерлендіретін, қолдау білдіретін, ұрсатын жерінде ұрсып алатын нағыз бапкер туралы айтып отырмын. Қазақстанның әйелдер құрамы Ченнаидағы жарысқа дәл сондай бапкерсіз барды. Бізге тағайындалғаны (қазір де бар шығар, білмеймін, көрген жоқпын) құраманың барлық ойыншыларына қызығушылық танытпады. Ол тек бір ойыншыны ғана бақылады. Бір өкініштісі, бапкерді жалпы командалық нәтиже аса алаңдатқан жоқ. Егер біз жаттықтырушысыз осындай нәтижемен ойнаған болсақ, команда үшін жанын беріп жаттықтыратын бапкермен қандай жетістікке жетер едік? Ұлттық құраманың осындай олқылықтармен ары қарай ілгерілей алатынына сенімді емеспін. Кемшіліктермен тыңғылықты жұмыс істеу керек. Сол кезде ғана бізді жеңіс тұғыры күтеді", - деп атап өтті Бибісара. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес