Бибісара Асаубаева Armageddon Women's Chess Week-2023 турнирінің жеңімпазы атанды
Блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Берлинде өткен Armageddon Women’s Chess Week халықаралық шахмат турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, NEGE. Шахматшының Instagram парақшасында жазуынша, бұл жарыс өте ерекше форматта болған. Турнир ережесі нокаут жүйесі бойынша өткен.
"Мен бір ғана Армагеддон ойнап, барлық кездесуде жеңіске жеттім әрі бүкіл турнирде бір ғана ойында жеңіліп қалдым. Әуелі Грузияның үздік шахматшысы, блиц бойынша 2017 жылғы әлем чемпионы Нана Дзагнидзені 2:0 есебімен ұттым. Содан кейін блиц бойынша 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және соңғы 20 жылдағы планетадағы ең мықты шахматшылардың бірі – үндістандық Хампи Конеруден басым түстім", - деді Бибісара Асаубаева.
Турнирдің жартылай финалында қазақстандық спортшы әзірбайжандық Гюнай Мамедзадені 1,5:0,5 есебімен ұтты. Осылайша ол финалға және қыркүйекте өтетін Grand Final-ға жолдама алды. Шешуші кездесуде Асаубаева Хампи Конеруды тағы жеңді.
Берлиндегі жарыстан кейін біздің шахматшымыз кеше әйелдер арасындағы Гран-придің төртінші кезеңі өтетін Кипрге аттанды.
Қазір оқып жатыр
Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды
Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек
Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты
Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті