Бибігүл Ақтан кімге өкпелеп Мәскеуге кетіп қалды?

әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Алматы, NEGE. «Білесіз бе, Мәскеуге оралуға мәжбүр болдым, мұнда болған бірнеше күнде көп ойландым, Алматыға баруға мүмкіндік болмады.
Қазір бәрі осылай болғанына қуаныштымын, өйткені ұзақ уақыт бойы шешім қабылдай алмаған едім. Өз парызымды, отаныма, туған-туыс, достарға деген махаббатымды сезініп жүрдім. Қазақстандағы жобаларға көп уақытым мен күшімді жұмсауым керек, тіл үйренейін, бос уақытымда отаныма жұмыс істейін, қолымнан не келетінін көрсетейін деп ойладым.
Шын мәнінде көпшілік разы болмады, «тілді жақсы білмейсің, дұрыс оқымайсың, сөздерді дұрыс айтпайсың» т.с.с.
Жобалар бойынша тиын-тебен ғана төлейді, оған өмір сүру мүмкін емес. Көбі достықты алдыға салады, «Бибігүл, біз доспыз ғой, қазір ақша болмай тұр, келесі жобада саған көп гонорар төлейміз» дейді. Мұның бәрі – бос сөз. Бұрыла бере артыңнан тас атады.
Көпке топырақ шашқым келмейді, ерекше жылы сезіммен еске алатын жақсы жобалар да болды. Ол туралы кейін айтып беремін.
Ресейге оралу туралы түбегейлі шешім қабылдадым. Мұнда менің мүмкіндігім көп, бұдан әрі уақыт жоғалтқым келмейді. Егер Қазақстанда қызық жобалар болса, келуге дайынмын.
Мен өз отанымды сүйемін, бірақ қашан қайтып келетінім белгісіз...», – деп жазды актриса.