USD
USD
USD

Биатлоннан әлем чемпионы Альпі тауында жоғалып кеткен

Биатлоннан екі дүркін әлем чемпионы, чех спортшысы Габриэла Коукалова Италиядағы Альпі тауына велосипедпен серуендеуге шығып, жоғалып кетті.

Биатлоннан әлем чемпионы Альпі тауында жоғалып кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 32 жастағы спортшы Ливиньо қаласынан тауға қарай велосипедпен бет алып, содан жоғалған. Ол құтқарушыларға қоңырау шалып, шамамен орналасқан жерін айтып үлгерген. Ал одан кейін онымен хабарласу мүмкін болмады, соған қарағанда телефон қуаты таусылған.

Құтқару операциясы бірден басталды. Биатлоншы 2 270 метр биіктіктен табылды. Спортшыға бір күн тауда түнеуге тура келді.

Коукалова 2019 жылдың мамыр айында спортпен қош айтысқан. Ол 2015/2016 жылғы маусымдағы басты турнир — "Үлкен кристальды глобустың" иегері. Оның активінде Сочи Олимпиадасының екі күміс медалі, сондай-ақ аралас эстафетада 2015 жылғы Әлем Чемпионатында және спринтте 2017 жылғы жеңістері де бар.

Қазір оқып жатыр

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко

Төрехан Сабырхан 12 жылдан кейін Азиадада Қазақстанға бокстан алтын әкелді

Төрехан Сабырхан

Ертісбаевты еске алғым келмейді – Магеррамов

Магеррам Магеррамов

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов