USD
USD
USD

BI Group-тың былығы ашыла бастады

Ковидке қарсы ауруханалар салған BI Group енді Антикордың алдында жауап береді. 

BI Group-тың былығы ашыла бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өйткені Қаржы министрлігінің аудиторлары Айдын Рахымбаевтың компаниясын тексеріп, бес госпитальді салу кезінде өрескел қаржылық заң бұзушылыққа барды деген қорытындыға келген.Ауруханаларды салу үшін мемлекет тарапынан сол кезде 74 млрд теңге бөлген.

Рахымбаевтың компаниясын Қаржы министрлігінен бөлек Есеп комитеті де тексеріп, BI Group компаниясы білім ошақтарын қымбатқа салғанын анықтаған. Олар тікелей президентке есеп беретін аудиторлар.

Мысалы, Алматыдағы антиковидтік модульдік ауруханаға бюджеттен қосымша 573 миллион теңге бөлуге тура келді. BI Group-тың еншілес компаниясы мемлекет белгілеген бағадан бөлек сметаға «аздап көп» ақша қосқан.

Айталық, 2020 жылы еншілес компания бір модульдің бағасын 14,4 теңге бағаласа, өндіруші зауыттар бір модульді 2,9 млн теңгеден сатқан. Осылайша BI Group-тың еншілес компаниялары бір модульдің бағасын бірнеше есе көтеріп, қыруар пайда тапқан.

BINOM Schools естеріңізде болар? Оны BI Group компаниясы мемлекетпен бірге салған. Бастапқыда бір мектептің құрылысы 4,9 млрд теңгеге бағаланған. 

Содан кейін аудиторлар анықтағандай, жоба Бюджет кодексін бұзып, бағаны өзгерткен. Түзетулер нәтижесінде бір мектептің құны шамамен 63 пайызға өсіп, 7,9 миллиард теңге болған. 

Мемлекеттік-жекеменшік жоба бойынша барлық алты мектептің құны 47,24 млрд теңгеге шыққан. 

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков