USD
USD
USD

BI Group Шымкенттегі ауруханаларға өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартты

 Шымкентте BI Group құрылыс компаниясы коронавируспен күресте отандық дәрігерлерге қолдау көрсетті. Компания өкілдері қалалық кардиологиялық орталық пен №2 қалалық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартты.

BI Group Шымкенттегі ауруханаларға өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кәсіпкерлердің мұндай игі ісі көпке үлгі. Қазір қалалық №2 аурухана мен кардиологиялық орталықта жалпы пневмония және жедел респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққан 180-нен аса науқас ем алып жатыр. Дәрігерлер соңғы екі аптада сырқаттар санының айтарлықтай азайғандығын айтады. Ал, кардиологиялық орталықта пневмонияға шалдығып, денсаулығы күрт төмендеген жандарды экстракорпоральді мембраналы оксигенациялық аппаратқа қосып емдеуде.  Мамандар бұл құрылғыны науқастарға өкпені жасанды желдету аппаратына қосымша көмек ретінде қосқан.

Қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Ермағанбет Қуатбаев: "Коронавирусқа байланысты жалпы біздің осы кардио орталығымызда 30 төсек орнын аштық. Сол төсек орнында біз жүрегінің ақауы бар және де қосымша ол кісілердің коронавирустық пневмониесі бар, өкпенің тарылуына байланысты түскен науқастарды жатқызуға мүмкіншілігіміз бар. 20 төсек орын өте күрделі науқастарға, яғни, қосымша құрал-жабдықтарға қосу қажеттілігін талап еткен науқастарды жатқызамыз. Оның арасында 10 интенсивтік төсек-орын ашылды. Ашылғалы бері мұнда 100 ден аса науқастар емделіп шықты" деді.

Айта кетейік, BI Group алпауыт кәсіпорыны қаладағы ауруханаларға Германияда жасалған өкпені жасанды желдету мен оттегі концентраторларының ең озық және тиімді аппараттарын сыйлапты.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қаладағы ауруханалар мен правизорлық орталықтарда шамамен 339 өкпені жасанды желдету аппараты мен 673 Бобров құрылғысы бар. Емдеу орындары қазір оттегіні қаматамасыз ететін станциялармен жабдықталып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ҰБТ

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Жол жөндеу

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты

блогер соты

Депутаттар портреті. Асхат Аймағамбетов. Реформатор

.