БҒМ ұлыбританиялық мұғалімнің НЗМ-нен жұмыстан босатылғанын растады
Білім министрлігі Ұлыбритания азаматы Дэвид Ли Эшфордтың Назарбаев Зияткерлік мектебінен жұмыстан шыққанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы, NEGE. Білім министрлігінің мәліметінше, бүгінде Ұлыбритания азаматы Дэвид Ли Эшфорд Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қызметкері емес.
Министрлік НЗМ-де өз елінде бұрын сотталған мұғалімді жұмысқа алудың мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеуді жалғастырып жатқанын хабарлады. Назарбаев зияткерлік мектебі оқытушылар құрамының да құжаттары тексерілу үстінде.
«Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мектеп басшылығы мен қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қызметтік тексеру қорытындысы бойынша шешілетін болады», – деді Білім бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова.
Еске салайық, бұған дейін белсенділер Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде информатика пәнінің мұғалімі отбасындағы зорлық-зомбылық үшін өз елі Ұлыбританияда сотталғанын хабарлаған болатын.
Қазір оқып жатыр
Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»
«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті
2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев
Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады