USD
USD
USD

БҒМ: Мектептерде 7 және 9 мамырға арналған жиын өтпейді

 Биыл мектептерде 7 және 9 мамырдағы мерекелерге орай жиын өткізу жоспары жоқ, деп хабарлайды  ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. 

БҒМ: Мектептерде 7 және 9 мамырға арналған жиын өтпейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мектептерде 7 және 9 мамырда аталып өтетін мерекелер қарсаңында патриоттық тәрбие беру, соғыс ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесі, Отанға деген сүйіспеншілік, ізгілік, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы тақырыптарында сынып сағаттары өткізіледі. Мектептерде 9 мамырға арналған жиын өткізу жоспарланып отырған жоқ» делінген хабарламада. Сондай-ақ, аталған ведомстводан әскери киім мен атрибуттарды қолданып, театрландырылған көрініс қоюдың қажет еместігі айтылды. «Білім беру ұйымдарына осы мәселе бойынша ұсыныстар жіберілді», – дейді баспасөз қызметі. Еске сала кетсек, таяуда Қорғаныс министрілігі биыл Жеңіс күніне арналған әскери парадтың өтпейтінін хабарлады. Кейін оның себебі түсіндірілді. Ал бүгін қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бір әскери парад өткізуге шамамен 4 млрд теңге жұмсалатынын жеткізді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда 7 және 9 мамыр күндері мерекелік отшашудың болмайтыны айтылды.

Қазір оқып жатыр

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.