Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Безостың ғарыш кемесі екінші рет ғарышқа ұшпақ

Джефф Безостың Blue Origin компаниясы жолаушылармен екінші рет ғарышқа ұшатыны туралы хабарлап, экипаждың алғашқы мүшелерін атады, - деп хабарлайды Blue Origin сайты.

Безостың ғарыш кемесі екінші рет ғарышқа ұшпақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. New Shepard суборбиталды ғарыш кемесінің екінші рейсі 12 қазанға жоспарланған. Blue Origin алғашқы экипаж мүшелерін атады. Олардың ішінде NASA-ның бұрынғы инженері, ғарыштық спутниктерді дайындап, ұшыратын Planet Lab компаниясының негізін қалаушы Крис Бошуйзен бар.

«Бұл – менің бала кезден бергі арманым. Ең бастысы, бұл сапар студенттерді STEM мансабына ұмтылдырады және ұрпақты ғарышты зерттеуге ынталандырады деп ойлаймын. Біздің ғарыштағы болашақ өміріміз солардың қолында», – деді Бошуйзен.

Екінші экипаж мүшесі – медико-биология ғылымдары, Dassault Systèmes компаниясының денсаулық сақтау мәселесі бойынша вице-президенті Глен де Врис. Экипаждың қалған екі қатысушының аты-жөні кейін белгілі болады.

«Мен бүкіл ғұмырымда адамдардың өмірін ұзарту үшін жұмыс істедім. Ғарыш индустриясын дамытуға атсалысу - керемет мүмкіндік. Мен авиация мен ғарышқа қызықтым, сондықтан бұл сапар - мен үшін арманымның орындалуы», – деді Глен де Врис.

Ұшу Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:30-да Батыс Техастағы алаңнан жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық банктен кеткен Шолпанқұлов Solva Group директорлар кеңесінің құрамына кірді

Берік Шолпанқұлов

Үмітсіз берешекті есептен шығару кезінде кей қазақстандықты салықтан босату ұсынылды

жеке табыс салығынан босату

Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті атанды

Қуат Хамитов

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: МБИ басшысына қандай айып тағылды?

Мемлекеттік айыптаушылар