USD
USD
USD

Бейнеудегі балалар неден уланды?

Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Бейнеудегі мектеп оқушыларының жаппай улану себебін атады, деп хабарлады Lada kz. 

Балалар
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ведомство басшысы Мұхтар Сербаев Бейнеудегі Манашын мектебінің оқушылар жаппай улануынан кейін асхана қызметін тексеру кезінде тексерілген он қызметкердің бірінде стафилококк табылғанын хабарлады. Сондай-ақ екі адам уақытында міндетті медициналық тексеруден өтпеген.

Зертханалық тексерулер дайын тағамның алты үлгісінен қауіпті микроорганизмдердің бар екенін көрсетті. Тексеру барысында көкөніс сақтауға арналған қоймада дәнді дақылдардың сақталғаны анықталды, бұл – талапқа сай емес. Тоғыз жуынды үлгісінен ішек таяқшасының бактериялары табылды. Асханада уақытылы ылғалды тазалық жүргізілмеген, қабырғаларда жарықтар бар, бұл санитарлық талаптарды бұзу болып есептеледі.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors