USD
USD
USD

Бейбіт Жұқаев алғаш рет ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 213-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Алматы ATP 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Бейбіт Жұқаев
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Алматы, NEGE. Екінші айналымда 24 жастағы қазақстандық теннисші әлемнің 25-ракеткасы, чехиялық Томаш Махачты жолдан тайдырды.

Бірінші партияда Бейбіт 3:1 есебімен алда тұрған кезде өзін жайсыз сезінген чехиялық спортшы бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Т.Махач бірінші айналымда тағы бір қазақстандық Тимофей Скатовты ұтқан еді.

Ақтау теннис мектебінің түлегі жартылай финалға шығу үшін әлемнің 26-ыншы, осы жарыстың 3-ракеткасы, ресейлік Карен Хачанов немесе рейтингіде 116-орындағы финляндиялық Отто Виртаненнің біреуімен таласады.

Спорттық жолында алғаш рет осындай санаттағы доданың ширек финалына өткен Бейбіт Жұқаев қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 180-орынға көтеріліп тұр.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Тіс емдеу

Талдықорғанда діни қорда тіркеусіз тұрған сегіз адам анықталды

ЖИ көмегімен жасалған

Алматыда ағаштарды рұқсатсыз кескендерге қатысты іс қозғалды

Ағаш кесу

Заңсыз ішімдік саудасы: кәсіпкерлерге 932 млн теңге айыппұл салынды

Арақ