USD
USD
USD

«Бейбіт халықты өлтіруді тоқтатасыз ба?» – Журналистер Путинді осылай қарсы алды

Аляскадағы әскери базаға жиырма минуттай ерте келген Дональд Трамп Владимир Путинді ұшағынан түспей күтіп отырды.

АҚШ
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ресей президентінің ұшағы әуежайға қонып, ұшақ трапынан бастап қызыл кілем төсегенше тағы біраз уақыт өтті. Ақыры Путин де ұшағынан шықты, сол сәтте Трамп та траптан түсіп келе жатты.

«Трамп пен Путин қол алысқанда Трамп бұрынғы әдетіне салып, Путиннің қолын өзіне жұлқи тартып қала ма, жоқ па?» деген сұрақ көпшіліктің көкейінде тұрды және солай болды да. Трамп Путиннің қолын қатты сілкімесе де, өзіне тартыңқырап қойды да, әңгімені бірінші өзі бастады. Мұның өзі біраз жайтты аңғартса керек.

Екі президент қызыл кілеммен жүріп өтіп, трибунаға келгенде Путин үшін жағымсыздау жағдай болды. Батыс журналистерінің бірі Путиге қарата: «Бейбіт халықты өлтіруді тоқьтатасыз ба?», – деп айқайлады.

Путиннің бұл сұраққа жауап бермейтіні анық еді, ол иығын қиқаң еткізді де, Трамптың көлігіне қарай беттеді... 

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.