USD
USD
USD

Бетперде таққан жастар аяусыз балтамен ұрған: Ақтаулық полицейлер күдіктілерді ұстады

Ақтаулық полицейлер екі азаматқа зорлық-зомбылық көрсеткен күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бетперде таққан жастар аяусыз балтамен ұрған: Ақтаулық полицейлер күдіктілерді ұстады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерде бетперде таққан жастардың балта және өзге де құралдармен екі азаматқа зорлық-зомбылық көрсетіп жатқан бейнежазбалар таратылған.

Екі факті бойынша да ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Анықталғандай, екі оқиға да Ақтау қаласында әртүрлі уақытта болған. Полицейлер қазіргі таңда жәбірленушілер мен үш күдіктіні анықтап, 16 және 21 жастағы күдіктілерді ұстады. Тағы бір күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғалардың толық мән-жайы анықталуда. Қылмыс жасаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі