USD
USD
USD

«Беташар» ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне қосылды

Қазақтың ежелгі салттарының бірі – «Беташар» Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енді. 

Беташар
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Парагвай астанасы Асунсьон қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 19-шы сессиясында қазақтың ежелден келе жатқан салттарының бірі – «Беташар» Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді.

Аталған сессия барысында Комитет 58 елден ұсынылған 58 номинацияның 45-і қарастырып, соның ішінде 43-і реттік нөмірмен «Беташар» рәсімі ЮНЕСКО-ның репрезентативтік тізіміне енгізілді. Бүгінде ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне 13 элемент енгізілген, оның 5-уі ұлттық қазақ мәдени мұрасына қатысты: «Қазақтың дәстүрлі домбырада күй орындау дәстүрі», «Қазақ күресі», «Асық ату ұлттық ойыны», «Қазақ жылқы өсірушілерінің көктемгі мерекелік салт-дәстүрлері», қазақтың ұлттық биі «Ортеке».

«Киіз үйді жасау», «Айтыс өнері», «Наурыз» және «Қатырма», «Қорқыт ата мұрасы», «Тоғызқұмалақ» және «Құсбегілік», «Қожанасырдың әзіл әңгімелері» секілді ұлттық элементтер бірнеше елдің ортақ мәдени мұрасы ретінде енгізілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.