USD
USD
USD

Бетания Де Ла Крусды Ахметов алатын болды, енді Баталов қайтер екен?

Волейболдан клубтық әлем чемпионатының және Чемпиондар лигасының жеңімпазы Бетания Де Ла Крус Өскеменнің «Алтай» клубында ойнайтын болды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Бетания Де Ла Крусды Ахметов алатын болды, енді Баталов қайтер екен?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 34 жастағы волейболшы Доминикан Республикасының құрама командасы сапында түрлі жарыстарда жеңімпаз болған. Ал клубтық деңгейде Пуэрто-Риконың, Жапонияның, Кореяның, Ресейдің, Италияның және Түркияның клубтарында ойнаған. 

Бетания Де Ла Крус.

2015 жылы клубтық әлем чемпионатының және Чемпиондар Лигасының жеңімпазы болған «қара қыз» енді өскемендік «Алтайдың» сапында ойнайды.  

Жалпы, спортта біздің әкімдердің арасында жасырын бәсеке бар. Айталық, футболда алматылық «Қайрат» пен астаналық «Астана» арасындағы ойын қашанда қызу өтеді. Құдды бір бұрынғы астана мен қазіргі астана әкімдерінің арасындағы тартыс сияқты.

Волейболда да солай. Соңғы жылдары Алматы облысының «Жетісу» командасы мен ШҚО-ның «Алтайы» арасындағы ойын сұмдық тартысты өтіп жүр. 2008 жылдан бері «Алтай» мен «Жетісу» итжығыс түсіп жүр екен. Өткен жылы «Жетісу» жеңсе, биыл «Алтай» алыпты.

Д.Ахметов пен А.Баталов.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Бетания Де Ла Крусды қағып түсті де, «Алтай» клубын бұрынғыдан да күшейтті. Ал Алматы облысының әкімі Амандық Баталов биыл тентек «қара қыздарымен» қоштасып, «Жетісуды» біршама әлсіретіп алды. 

«Волейболшы әкімге» шығыстың «волейболды қатырмайтын әкімінен» қалып қоюға әсте болмайды. Біздің ойымызға бірден Жаклин Карвальо, Келси Робинсон немесе Бетанияның жерлесі Вильмари Мохика сияқты ойыншылар түскен. Шебер десең – шебер, сұлу десең – сұлу! Әй, бірақ Баталовтың талғамы бөлек болуы мүмкін ғой, ә?..      

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза