USD
USD
USD

Бесінші қабаттан секірмек болған әйел адам құтқарылды

Шахтинскіде полицейлер бесінші қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бесінші қабаттан секірмек болған әйел адам құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 1 мамыр күні сағат 14.00 шамасында Қарағанды облысы Шахтинск қалалық полиция бөліміне көпқабатты үйдің бесінші қабатынан азаматшаның секірмекші болып тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тез арада оқиға орнына патрульдік полиция взводының инспекторлары Дулат Ситахметов пен Ерназ Өскенбай жетті.

– Әріптесім екеуміз бесінші қабаттың дәлізіндегі терезеде отырып, өмір сүргім келмейді деп айқайлаған азаматшаны көрдік. Терезенің жақтауы қысқа болғандықтан, егер азаматша ыңғайсыз қозғалыс жасаса, қайғылы жағдайдың болу қаупінің алдын ала алмас едік. Сондықтан мен сыртта қалып, құлап кеткен жағдайда қауіптің алдын алуға дайындалып тұрдым. Ал Дулат сатымен ішке көтеріліп, тұрғынды әңгімеге тартты. Оған бәрі жақсы болатынын, эмоцияға берілмеу керектігін барынша айтып, түсіндірді. Терезе қысқа болғандықтан азаматшаға жақындау қиындық тудырды. Бір кезде Дулат азаматшаның қолын созуға көндіріп, кейін бірден шап беріп, ішке тартып алды, – деді Ерназ Өскенбай.

Азаматша осындай әрекетке жолдасымен арада болған ұрыстан кейін барғанын айтты. Полиция қызметкерлері құтқарылған азаматшаны психолог дәрігерлерге тапсырып, қызметін жалғастырды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе