USD
USD
USD

Бес жылдан бері үйсіз жүрген 600 үлескер биыл баспаналы болады

Нұр-Сұлтанда бес жылдан бері үйсіз жүрген 600 үлескер биыл баспаналы болады.

Бес жылдан бері үйсіз жүрген 600 үлескер биыл баспаналы болады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл жайында қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мәлім етті. «Баспана Көктал» көппәтерлі тұрғын үй кешені бірнеше жер учаскесінде орналасқан. Ол 13 үйден тұрады. Оның біреуі ғана аяқталды. Бес жыл бұрын қалған 12 үй құрылысы ұзаққа созылған нысан ретінде танылды. Олардың әрқайсында шешілмеген, проблемалық мәселелер болды: шатырдан су кету, қасбеттің, терезелердің, есіктердің, лифт шахталарының болмауы. Жарық, жылу, су мен кәріз жүйелері де инженерлік желілерге қосылмады. Үлескерлермен бірнеше рет кездесіп, жоспарлы құрылыс кестесін құрдық» деп жазды шаһар басшысы.

Оның сөзіне сенсек, бұл үйде 600-ге жуық отбасы пәтерін күтіп жүр. Бұрынғы құрылысшы бірнеше қабатты заңсыз салып, лифті қарастырмаған. Құрылыс саласындағы қолданыстағы нормаларға сәйкес ғимарат 6 қабаттан асса, міндетті түрде лифтімен қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ, өртке қарсы эвакуациялық баспалдақтар да болмаған. «Осыған байланысты лифті мен эвакуациялық баспалдақ орнату үшін бөлімдерді бөлшектеу қажет болды. Барлық аталған құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғын үй кешенін «Елорда құрылыс компаниясының» қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салып жатырмыз. Құрылыс қарқынын күшейтіп, үйлерді жыл соңына дейін аяқтауды тапсырдым. Аумақты абаттандыру көктемге жоспарланған» дейді Алтай Көлгінов. 

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

жанабыловтар

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

шенген

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы