Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бес жасар волонтер

Қазақстанда 1 430 «күміс волонтер» тіркелген. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева орталық комминкациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

Бес жасар волонтер
Фото: NEGE.kz

 «Елімізде волонтерлердің жылдан-жылға артып келе жатқаны қуантады. Президенттің Волонтерлер жылын жариялауы волонтер қозғалысы мен ұйымдарының санын үш есеге көбейтті. Бүгінде 50 мыңнан астам азамат волонтерлік бағытта жұмыс істеп жүр.

«Күміс волонтерлер» туралы айтсақ, бұл адамдардың белсенділігі тәнтімін. Елімізде жасы 50-ден асқан 1 430 ерікті тіркелген. Бір қызығы, соның 700-і Павлодар облысында тұрады», - деді Аида Балаева халық алдындағы есептік кездесуін қорытындылаған брифингіде.

Министр еліміздің еріктілерімен барынша жиі кездесіп тұратынын да атады. Сондай кездесулердің бірінде ерекше мәліметке тап болған екен.

«Соңғы рет Қостанай облысында болғанымда өңірдегі ең жас волонтердің жасы нешеде екенін сұрадым. Жауабын естіп қатты таңғалдым. Қостанай облысындағы ең жас волонтердің жасы бесте екен. Баланың әке-шешесі осы бағытта жұмыс істейтіні түсінікті. Өздері ғана айналысып қоймай, балаларын баулығандарына тәнті болдым. Баланың өз отбасында табиғатқа күтіммен қарап, жануарларды қорғауға бейім болып өсуіне үлкендердің табиғатқа жанашырлықпен қарап, ақысыз көмек көрсеткен істері әсер ететін болса керек. Бұл жас ұрпақты тәрбиелеу тұрғысынан өте маңызды. Сондықтан, мемлекет волонтерлік қозғалысты жүйелі дамытуға баса көңіл бөліп отыр», - деі Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА