USD
USD
USD

Бес жасар қыздың өлімі: Сарыағашта әйелдер педофилияға қарсы ереуілге шықты

Сарыағаш өңірінің тұрғындары бес жасар қызды өлтірген қылмыскерге ең ауыр жаза тағайындалуын талап етіп жатыр, деп хабарлады Азаттық. 

Бес жасар қыздың өлімі: Сарыағашта әйелдер педофилияға қарсы ереуілге шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 20 шілдеде Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында бес жасар қыздың өлімін әділ тергеуді талап еткен наразылық акциясы өтті.

Бір топ әйел: «Педофилдерге өлім!», «Әділ сот шешімі болсын!» деген ұранмен шеруге шықты шықты. Шерушілер қазақ-өзбек шекара бекетіне апаратын жолды жауып тастады.

Жиналғандардың айтуынша, қызды өлтіруге қатысты тағы бір күдікті ұсталған, кейін оның босатылғаны белгілі болған. Тұрғындар «күдіктіні сот-медициналық сараптаманың қорытындысынсыз босатпау керек» деген шарт қойды. 

Оқиға орнына полиция мен арнайы жасақ келді. 

Әкімдік өкілдері мен қауіпсіздік қызметкерлері әйелдердің арыз-шағымын тыңдап, сауалдарына жауап беретіндерін айтты. Қаза тапқан баланың туысының айтуынша, қазір әкімдік ғимаратын полицейлер қоршап алған

Қазір оқып жатыр

Ташкентте Қарағандыдан барған 15 жас футболшы астан уланды деген күдікпен ауруханаға түсті

Ташкентте ауруханаға түскен жасөспірім

Жұманғарин Алматыдан бизнестің жаппай көшу қаупін жоққа шығарды

салық

«Жалынып, жылауға дейін бардым»: Ақтауда дәрігерге тап берген ер адам өз шындығын айтты

Шанжархан

Нью-Йорк көшелерінде Қазақстанның көк туы желбіреді

Шеруге қатысушылар