USD
USD
USD

Бес жасар қызды зорлағандар жеңіл жаза сұрап отыр

Сәтбаев қаласында бес жасар қызды зорлады деген айыппен сотталғандар сот шешімін өзгертуді сұрап, аппеляциялық шағым түсірді. Ерлі-зайыптылар үкімді жеңілдетуін өтінеді.

Бес жасар қызды зорлағандар жеңіл жаза сұрап отыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды облыстық сотына Сәтбаевта бес жасар қыз баланы қорлау ісі бойынша сотталған ерлі-зайыптылардан үкімді жеңілдету туралы аппеляциялық шағымдар келіп түсті.

«Сотталғандар аппеляцияға берді. Алайда сот жабық процесті қарау сатысында түсініктеме бере алмайды», - деп түсіндірді Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұл оқиға Сәтбаев тұрғындарының наразылығын тудырып, елді дүрліктірген болатын. Оқиға 23 шілдеде болды. Сәтбаев қаласының полициясына Жезқазған тұрғыны өзінің 5 жасар қызы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің барлық құрамы мен волонтерлер іздеу шараларының нәтижесінде 5 жасар бала көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен табылды. Аталмыш іс бойынша 58 жастағы ер адамға күдік келтіріліп, ол ұсталған болатын. 2020 жылдың 6 қазаны күні Қарағанды қаласының тергеу изоляторында жас қызды зорлағаны үшін тұтқындалған күдіктінің денесі табылды . Ол өзіне қол салғаны белгілі болды. Ал қалған екі күдіктіге қатысты биылғы жылдың маусымында сот үкімі шыққан болатын.

«П-ның әрекетін ауырлататын жағдай – қылмысты мас күйде жасау. Жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Баяндалғанды ескере отырып, оған жазаны қауіпсіздігі төтенше мекемеде өтеу, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл ретте, мерзімнің алғашқы 5 жылы толық қауіпсіздік мекемесінде өтелуі керек», – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметінен.

Екінші айыпталушыға келетін болсақ, заң әйелдерге өмір бойына бас бостандығынан айыруды тағайындауға тыйым салады (ҚК-нің 46-бабы).

Сондықтан сотталушы П.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оған өмір бойына педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқаруға тыйым салынды.

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

.

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева